Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«Туғанбай ауылдық мешіті» (Sýretter)

«Туғанбай ауылдық мешіті»

Алматы облысы, Талғар ауданы, Туғанбай ауылы, Ж.Әкімжан көшесінде орналасқан. Құрылысы 2006 жылы басталып, 2006 жылы 23 қазанда, Ораза айттың алғашқы күні салтанатты жағдайда ашылды.

Жалпы көлемі: ұзындығы 15, ені 12 метр. 150 кісіге арналған бір үлкен жеке бөлмесі және кіреберісте аяқ киім шешетін дәлізі бар. Жер аумағы 0,50 га. Қос мұнарасының биіктігі 19 метр, қызғылт сары сапалы қышпен өріліп қаланған. Оны салуға демеушілік жасаған осы ауылдан шыққан азаматтар – кәсіпкер Нұрғазиев Мұрат Аршанұлы мен басшылық қызметте жүрген Тойбаев Әлихан Әбдіханұлы. Жанында имамға арнап салынған көлемі 6х4 және 4х4 метр екі бөлмелі тұрғын үй бар.

Іші заман талаптарына сай әсем безендірілген. Қасиетті Құран сүрелерінің аяттары да жазылған. Оны Абай атындағы ұлттық педагогика университетінің сурет және графика факультетінің түлегі Дина Салтыжанованың басқаруымен арнайы суретшілер атқарып шыққан.

Екі мұнарасы алдыңғы екі бұрышынан көтерілген. Ұзындығы 15 метр, ені 12 метр. Ауласы көгалдандырылған, 10 шырша және 20 қарағай отырғызылған.

Осы облыстағы мешіттер