Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«Әл-Біләл» мешіті (Sýretter)

«Әл-Біләл» мешіті

«Әл-Біләл» мешіті Шымкент қаласында бой көтерген. Ол 4 бөлмеден тұрады. Намаз залының ұзындығы 23,6, ал ені 15,3 метр. Имам мен әйелдер бөлмелері де бар. Мешітте бір мезгілде 900 кісі намаз оқи алады. Биіктігі 13,45, шеңбері 5,9 метрлік бір күмбезі және биіктігі 7,7 метрлік 2 кіші күмбезі мен биіктігі 9,5 метрлік екі мұнарасы бар. Күйдірілген кірпіштен қаланған, шығыстық өрнектермен безендірілген. Ғимараттың бой көтеруіне Кувейттің «Азия мұсылмандары комитеті» демеушілік еткен. 1998 жылы ашылған.

Осы облыстағы мешіттер