Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«Ақмешіт - Сырдария» мешіті (Sýretter)

«Ақмешіт - Сырдария» мешіті

«Ақмешіт - Сырдария» мешіті Қызылорда қаласының оңтүстігіндегі  Жібек жолы мен Мостовая көшелерінің қиылысында бой көтерген. Төрт мұнаралы, үш күмбезді, сәулеті әсем ғимараттың  көпшілік назарын аударары сөзсіз. Жаңа ғибадатхана  2008 жылдың  қыркүйек айының соңында, ораза  Айт күні ашылды. 2000 адамды қабылдай алатын сәулетті  ғимараттың тұрғызылуына  демеушілік жасаған Өтемұратовтар әулеті. Жобасын алматылық «Күмбез»  ЖШС жасаған. Сапалы салынуына «Глобал Девелопмент» компаниясы  тапсырыс беріп, бас мердігер жергілікті  «Альянс»  ЖШС және көркем безендіруіне «ҚазПРОЛТД»  ЖШС-і мен жеке кәсіпкер М.Байбосынов  ат салысты. Ауласы  көгалдандырылып, жамағаттың отырып демалуы үшін қолайлы  орындықтар қойылған  және де  жұрт жүретін  алаңына  тас плиталар төселген. Жалпы жер аумағы 5,257 га. Ғимараттың алдында биіктігі 37 метр екі мұнара, ал артқы жағында биіктігі 22 метр екі мұнара тұрғызылған. Күмбезінің биіктігі 25 метр. Қай кезде де сәулетті ғимараттар озық өркениет пен ілім-білім деңгейін айғақтаған. «Ақмешіт Сырдария» құлшылық үйінің жеті күмбезі мен-мұндалап, барша жұртты имандылыққа шақырып тұрғандай. Төбесіндегі айшықтары алтыннан жасалған. Күмбезін Қоқаннан келген шебер Шәміл Асатбаев жасаған. 6 қаусырмалы, 3 сыңар есік сол Қоқандағы жүз жылдық қара ағаштан қашалған. Мешіттің сыртқы қабырғалары қою жасыл түсті  гранит  тастармен  көмкерілген. Намаз залына Иранның  жасыл түсті кілемі  төселген және де  Қытайдан алдырған  360 шырағы бар  әсем де үлкен   аспалы хрусталь шам ілінген. Имандылық үйінің ішіне Құран сүрелері мен аяттар өрнектелген. Мұнда алты дәрісхана, төрт намаз оқитын зал, әйелдер мінажат ететін бөлек бөлме де қарастырылған. Сонымен қатар  60 адамдық салт-дәстүр бөлмесі бар. Онда 200 шырақты үлкен аспалы хрусталь шам ілінген. Салт-дәстүр залында неке қию, баланы сүндетке отырғызу рәсімдері  орындалады. Сондай-ақ 23 оқушыларға арналған 6  сыныбы бар. Мұнда шәкірттер  діни білім алады. 300 адамдық әйелдердің намазжайы да бар. Ол бөлек орналасқан. Жаңа технологиямен салынған, әрқайсысы 50-ден аса  ерлер мен  әйелдер жуынатын бөлме бар. Ғибадатхананың тағы бір ерекшелігі жамағаттың ата-бабаларына  Құран бағыштап ас беруге арналған  асханасы 200 адамға лайықталған.

Осы облыстағы мешіттер