Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«Заречный» мешіті (Sýretter)

«Заречный» мешіті

«Заречный» мешіті Алматы облысы, Қапшағай қаласына қарасты Заречный ауылында орналасқан.  

2006 жылы 11 қарашада салтанатты түрде өткен ашылу салтанатына Бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысып халықты қуаныштарымен құттықтап ізгі тілектерін білдірді. Ол ауыл тұрғыны, кәсіпкер Шемир Ыдыровтың демеушілігімен салынған.

Жалпы жер аумағы 140 шаршы метр. Пайдалы аумағы мен ғимараттың ауданы 130 шаршы метр. 150 адам құлшылық ете алады. Бір қабатты, заманауи үлгіде салынған ауыл ажарын ашып тұрған сәулетті ғимарат.

3 бөлмеден тұрады. Кіреберіс дәлізде кішігірім кілем және аяқ киім қоятын сөрелер, киім ілгіштер және 2 жарық бергіш бар. Намазхананың, алаңы 100 шаршы метр, соның ішінде әйелдерге арналған, алаңы 40 шаршы метр намаз оқитын орын қарастырылған. Ішіне «Алматыкілем» тоқыған жайнамаз-кілем төселген. Имам михрабының тұсы «Алла» және «Мұхаммед» деген куфа жазу үлгісімен көмкеріліп, әшекейленген. Намазхана ішінде 6 терезе орнатылған. Имамның уағыз мінбері мен аса таяғы арнайы тапсырыспен әзірленген. Ғимараттың іші 81 софиттермен жарықтандырылған. Намазхана ішінде діни кітаптар қойылған имандылық бұрышы бар.

Ауласында имамға арналған 2 бөлмелі тұрғын үй тұр. Темір шарбақпен қоршалған, әр бағанасына түнде жарық түсіруге арналған шамдар орнатылған.

Осы облыстағы мешіттер