Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«Сүйінғара» мешіті (Sýretter)

«Сүйінғара» мешіті

«Сүйінғара» мешіті Қарақия ауданының Жетібай кентінде 2006 жылы Серік Мақтановтың ұйымдастыруымен салынған.

Ортасында айшығы бар үлкен 1 күмбезден тұрады. Биіктігі 12 метрлік  екі мұнарасы бар, барлығы көк түске боялған. 350 адамға арналған. Жергілікті тұрғындар мен әкімшілік қаражатына салынған. Қабырғалары Құран кәрім сүрелерімен нақышталған. Ерлер құран оқитын залдың михрабында «Аятүл күрси», әйелдер құран оқитын залда да Құран сүрелерінен аяттар жазылған. Ер балалар және қыздарға арналған дәрісхана жұмыс істейді. Имамның қызмет бөлмесі бар. Бөлмелеріне кілем төселген. Мешіт ішіне аспалы шам ілінген, іші жарық. Ауласы қоршалған, тал, ағаш, отырғызылған. Аулада шаруашылық блоктары орналасқан. 

Осы облыстағы мешіттер