Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«Қосай ата» мешіті (Sýretter)

«Қосай ата» мешіті

«Қосай ата» мешіті Жаңаөзен қаласы Теңге кентінде 2007 жылы салынған. Мешіттің іргетасын қалау рәсімін Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі атқарды.

Жергілікті тұрғындар мен әкімшілік қаражатына тұрғызылған. 350 адамға арналған. Биіктігі 16 метрлік 1 үлкен күмбезі және 10 метрлік 4 кіші күмбезі бар. 4 мұнарасының биіктіктері 16 метрден. Үлкен намаз залында бір мезгілде 300 адам сәждеге жығыла алады. Әйелдердің намаз оқитын бөлмесі 50 кісіге арналған. Сондай-ақ имамның бөлмесі де қарастырылған. Жастардың неке қиятын бөлмелері және де 30 бала діни дәріс алатын оқу бөлмесі бар. Күмбезінің ішкі жағына қазақтың ою-өрнегі салынған. Күмбезге салмағы 2 тонна, ені 2 метр, ұзындығы 4 метр хрустальді аспалы шам ілінген. Ғимараттың жалпы аумағы 469 ш.м, аумағы 0,2642 га. Жаңаөзен қаласынан шығатын ақ тастан қаланған, қосымша пайдалануға 3 бөлмесі және бар.

Осы облыстағы мешіттер