Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Өтпенов Наурызбай Тағанұлы

Өтпенов Наурызбай Тағанұлы

Өтпенов Наурызбай Тағанұлы 

2018 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бұйрығымен ҚМДБ-ның Бірінші төраға орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы қызметін атқаруда. 

Білімі мен біліктілігі:

- 1993-1997 жылдары Ташкенттегі «имам Әл-Бұхари» атындағы Ислам институты;

- 1999-2001 жылдары ҚМДБ жанындағы Ислам институты;

- 2009 жылы Мысыр Араб Республикасындағы білім жетілдіру курсы;

- 2010 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетнің «Тарих» факультеті;

- 2011-2013 жылдары Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетнің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасын үздік тәмәмдаған.

Еңбек жолы:

- 1997-1999 жылдары ОҚО, Түлкібас ауданы, «Көкірек ата» мешітінде имамдық;

- 2001-2005 жылдары ШҚО, Аягөз ауданының Бас имамы;

- 2005-2006 жылдары Алматы қаласындағы «Мекке» мешітінің наиб имамы;

- 2006-2011 жылдары ҚМДБ-ның Қарағанды өңіріндегі өкілі, Қарағанды қалалық №1 орталық мешітінің Бас имамы;

- 2011 жылдың cәуір-қыркүйек айларында Алматы қаласындағы «Мекке» мешітінің Бас имамы;

- 2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі басқармасының Бас сарапшысы;

- 2013 жылдың сәуір-қыркүйек айлары аралығында «Нұр Астана» орталық мешітінің найб имамы;

- 2013 жылдың 20-шы қыркүйегінен бастап ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы;

- 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас Мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы;

- 2018 жылдың шілде айынан бастап ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас Мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы, Түркістан облысы бойынша өкілі имамы;

- 2018 жылдың қазан айынан бастап ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас Мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі болып қызмет етуде.

Еңбек жолындағы жетістіктері:

Н.Өтпеновтың тікелей жетекшілігімен 2002-2005 жылдары ШҚО, Аягөз қаласында орталық және «Жаңауыл» мешіттерінің құрылысы сәтті жүргізіліп, іске қосылған. 2010-2011 жылдары Қарағанды қаласындағы орталық мешіттің салынуына мұрындық болған. Қарағанды облысында «Сұлу әлем», «Нұрлы мінбер», «Жұлдызды гол» атты жобаларды іске асырған. Республикалық БАҚ беттерінде жарияланған көптеген діни, рухани-танымдық мақалалар мен «Үміт сәулесі» атты кітаптың авторы.

Марапаттары:

Аягөз ауданының құрметті азаматы, Қазақтан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медалімен, Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамотасымен, Астана қаласы әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.