Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«Жеті рухани қазық»: Мәдениеттілік

muftyat.kz 13.04.2020 2429 0 пікір
«Жеті рухани қазық»: Мәдениеттілік

Мәдениеттілік – көркем мінезділік пен әдептілікке негізделеді. Қоғамдық ортада мәдениетті болу, өзін ұстай білу, үлкендерді сыйлау, оларға құрмет көрсету, сәлемдесу, сыпайылық таныту – рухани байлықтың көрсеткіші. Қазақтың қанға сіңген дәстүрі бойынша кісіні сыйлау, құрметтеу – әрбірімізге міндет.

Бабаларымыз баланы бесігінен-ақ жақсы әдептерге баулыған. Ислами әдепті бойына сіңіру арқылы әрбір мұсылманның мәдениеттілігі артады. Әдептілік – ғұмырыңды ұзартып, берекеге кенелтеді.

Қасиетті Құранда:  «... Ол Алла сендерді жерден жаратты әрі сол жер бетінде өмір сүріп, оны көркейтулеріңді қалады...» («Һуд» сүресі, 61-аят). 

Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Көршімен көркем қарым-қатынас жасау – қоғамды көркейтіп, өмірді ұзартады» (Имам Ахмад) дейді. 

Әдепті мұсылман Қиямет күні Алла Елшісімен (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірге болады. Хадисте: «Расында, сендердің іштеріңде ең жақсы көретiнiм және қияметте маған ең жақын болатындарың – мiнез-құлқы жақсы болғандарың ...» (Имам Тирмизи) деген. 

Абдулла ибн Омар: «Пайғамбар дөрекі сөз айтпайтын және әдепсіз іс істемейтін» деп айтатын. 

Абай атамыз «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп, мәдениеттіліктің мәнін ашып көрсеткен. 

Адамдар əлеуметтік ортада өмір сүргендіктен, бірқатар қоғамдық тәртіп ережелеріне бағынуы тиіс. Айналаны таза ұстауы, қоғамдық орындарды ластамауы, сондай-ақ өзгеге зиян келтірмеуі тиіс. Дінімізде «тазалық – иманның жартысы» делінген. Ислам діні тазалыққа, ұқыптылыққа үлкен мән берген. Әрбір мұсылман қоғамдық ортаның əдебінен аттамай, басқа адамдардың ренішін туғызатын іс-əрекеттен аулақ болғаны жөн. Мәдениетті адам мына сипаттармен ерекшеленеді:

  • Әдепті
  • Тәрбиелі
  • Өнегелі
  • Мейірімді
  • Кішіпейіл
  • Парасатты
  • Өнерлі

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру