Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«Жеті рухани қазық»: Имандылық

muftyat.kz 26.03.2020 1294 0 пікір
«Жеті рухани қазық»: Имандылық

Имандылық    –    адамның    қоғамдағы,   күнделікті    өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін рухани жол. Ол – адам бойындағы ізгіліктің көрінісі. Алла Тағала жіберген әрбір пайғамбардың міндеті имандылыққа шақыру болған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық – иман келтірген адамға бітетін көркем мінез. 

Қасиетті Құран Кәрімде: «Ер немесе әйел кісіден кім иман келтірген бойда түзу іс істесе, әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен де жақсырақ сыйлық береміз» («Нахыл» сүресі, 97-аят) деген. 

Ал Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің ешқайсыларың өзі үшін жақсы көрген нәрсені басқа бауыры үшін де жақсы көрмейінше, шынайы мүмін бола алмайды» деген. 

Исламның асыл құндылықтарын темірқазық еткен дана бабаларымыз да адамның имандылығына, кісілік қасиеттеріне ерекше көңіл бөлген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкенді-кішілі сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді қасиеттер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде назардан тыс қалмаған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың жазылмаған заңдылығына айналған. Бойында асыл қасиеттері бар жасты «тәрбиелі» деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылықты ойлайтын адамды «иманды» деп атаған. Ал адам бойындағы имандылық мына көріністермен сипатталады: 

  • Арлы
  • Инабатты
  • Қайырымды
  • Ізетті
  • Ықыласты
  • Кеңпейіл
  • Ізгі

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Sońǵylar

Musylman dіnı kúntіzbesі