Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Энергетикалық сусында пайда бар ма?

ҚМБД Халал бөлімі www.muftyat.kz 27.09.2019 1718 0 пікір

 

Бүгінгі қарбаласқан өмірде «аз уақытта көп шаруаның бітіру керек», «уақытым жоқ» сынды сөздерді жиі естиміз. Көбіне адамдар осындай тығыз уақытта демалуға, ұйықтауға кететін уақытынан ұрлайды. Алайда қалыпты адамның ағзасы шаршап тұрған уақытта ұйқысыздыққа шыдамасы анық. Соңғы уақытта энергетиктер деп аталатын «сыйқырлы сусын» ішіп, шаршаған ағзасына энергия беріп, ұйқысын қашыру жастардың арасында жиі тарап кетті. Әсіресе, бірнеше жерде жұмыс жасайтын адамдардың, түнгі уақыттарын емтихандарға дайындалумен өткізетін студент жастардың, көлік тізгінінде түнгі уақытта отыратын таксисттердің таптырмас құралына айналғандай.

Алайда бұл сусындар денсаулыққа қаншалықты зиян екенін білеміз бе?!

Энергетиктер алкогольді және алкогольді емес деп бөлінеді. Алкогольді энергетиктердің харамдығы анық, әрі медициналық тұрғыда құрамына байланысты өте қауіпті деп танылған. Біздер алкоголді емес болған энергетитер жайлы сөз қозғайтын боламыз.

Ең әуелі энергетиктердің химиялық құрамына үңілсек 1 шөлмек энергетикалық сусында шамамен: 5 ас қасық кофеин, 12 ас қасық қант, , гуаранин, таурин, инозитол, натрий цитраты, бояғыштар, левокарнитин, В және С дәрумендері, глюкуронолактон бар және осының барлығы көмір қышқыл газына бай сумен араластырылады. Бір ескеретіні, көмірқышқыл газы келтірілген химикаттардың ағзаға тез әсер етуіне ықпал жасайды. Яғни газ, асқазанның қалыпты қорыту циклын бұзады да, химикаттардың зияндық әсері еселенеді. Қоспалардың кейбірі жеке өзі ағзаға жағымды болуы мүмкін, бірақ барлығы қосылып газға байытылып «Уға» айналады.

Не себепті энергетиктер ағзамызға сергектік беретіндей болады?!

Суыснда глюкоза мен кофеин көп мөлшерде болғандықтан сусынды ішкен мезетте бірден адамда энергия оятады. Оның сыры ағзамызға сигнал беруші ми - глюкозамен қоректенеді. Ал кофеин, өз кезегінде, организм шаршағанда жауап беретін аденозин рецепторларын бұғаттайды. Қалыпты ағза шаршағанда аденозин рецепторлары жұмыс жасап, ұйқы щақырады, әрі адам демалумен қан айналымы, энергиясы, жалпы денсаулығы қалыпқа келтіріледі. Энергетиктер ішу нәтижесінде, олар ешқандай да энергия бермейді, керісінше адамның шаршағанын өзі де сезбейтіндей күйге ұшыратады да, адам ағзасы шамадан тыс энергия жұмсап, өз организіміне үлкен зақым алып келеді.

Алдамшы сергектік сыйлайтын сусынның әсері шамен 2-3 сағаттан кейін қайтып, адам организмі қатты шаршаңқы күйге ұшырайды.

Энергетиктерді жиі тұтынатын адамдарда ас-қазан ішек аурулары, асқазан жарасы, жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, ұйқы режимінің бұзылуынан депрессиға ұшырау, тіс жегі сынды басқа да аурулар пайда болуы әбден мүмкін.

Энергетиктердің аталған қауіптілігіне байланысты Жаңа Зеландия, Австралия, АҚШ-тың кейбір штаттарында оларды сатуға тиым салынса, ал Дания, Норвегия, Францияда тек дәріханаларда арнайы мақсатта ғана сатуға рұқсат етіледі.

Нарколог мамандардың айтуынша энергетиктер өзіне жылдам тәуелді етеді және ең қоқыныштысы, бұндай әуестік шариғатымызда тиым салынған героин, какоин, марихуана сынды т.б.сана улағыштарға қызығуға, оны тұтынуға апарып соқтыруы әбден мүмкін. Себебі көп уақыт энергетик ішетін адам, уақыт өте келе оның әсеріне қанағаттанбай, одан да күштірегін іздейді.

Энергетиктерден құтылудың бірден-бір жолы ұйқы режимін реттеу, салауатты өмір салтын ұстану. Құранда Нәбә сүресінің 9-аятында: «Ұйқыларыңды демалыс қылдық» - делінген. Яғни адам қалыпты өмір сүруі үшін түнгі уақытта шамадан артық та, кем де есем демалуы керек.

Қорыта айтқанда, адам баласы не ішіп, не жеп жүргеніне мән берместен эгосының жетегінде өмір сүрер болса, ол адам - денсаулығынан айрылып бұл дүниеде бақытсыздыққа ұшыраса, ал ахиретте денсаулық деген аманатқа қиянат жасағаны үшін сұралады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі