Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Құлшылыққа деген жауапкершілік

12.06.2015 4180 0 пікір

Тақуа кісілердің бірі Сануси өзін сәт сайын Алла тағаланың бақылап тұрғанын сезінгенде, жанын қоярға жер таппай кететін. Өйткені Жаратушы иеден қатты қорқатын. Күнара ораза ұстайтын. Қолындағыны қанағат тұтатын, өзі бермесе, ешкімнен көз сүзіп ештеңе сұрамайтын.

 Ораза ұстаған кей күндері «Аузың берік пе?» – деп сұрағандарға:

– Шынымды айтсам... ораза ұстадым да дей алмаймын, ұстамадым да, – деп күмілжи жауап беретін. Ораза ұстағандықтан «ұстамадым» дей алмайтын. Алайда менікі қабыл болатын кәміл оразаға жата ма, жатпай ма деген іштегі күдікпен «ұстадым» деуге де аузы бармайтын.

Оның рухани тереңдігін білмейтіндер: – Өзіңнің ауыз бекітіп, бетікпегеніңді білмейсің бе? – дегенде, ләм-мим деп жауап берместен ол жай ғана күлімсірейтін.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру