Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Ерекше махаббат

27.05.2015 5438 0 пікір

Мен оны алғаш көрген кезде ұнатпадым. Себебі де бар. Оны көбі жамандайтын. Содан болар оны көрген сайын менсінбей жанынан өтіп кететін болдым. Бірақ, мен ол жайында айтылған қауесеттер шыныменде рас па екен деп тексеріп көрмеппін. Алайда, бір күні ол көшеде маған жылы қабақ танытып, қол ұшын созған болатын. Содан кейін мен ол жайында іздене бастадым.

Ізденген сайын оның шынымен де жақсы жақтарына қаның бола бастадым. Кейін ол мені өзімен бірге жүруге ұсыныс жасады. Маған басында қиын болды. Ел-жұрт не дейді деген ой. Бірақ оған деген махаббатым ерекше еді. Шіркін, махаббат қойсынба. Жүргенімізге бір апта болып еді. Үй ішім, ағайын туыс бәрінің ойы бізді ажырастыру. Мен оларға ол жайында айтылғандардың барлығы өтірік екенін түсіндірсем де олар тыңдамады. Қойшы. Менің махаббатым бұл қиындықты көтере алатынына сенімді едім. Сол үшін әкем мені ұрды, анам мектепке жібермеді.

Біз біраз уақыт кездесе алмай жүрдік.  Ақыр соңы бұлда бір сынақ екенін біліп, есімді жиып онымен қайта қосыламын деп шештім. Тәуекел түбі жел қайық. Міне, мен осылай сағым сынбай ауыр сынақтарға қарамастан онымен қосылдым. Ол менің жанымның жылуы. Ауыр күндер артта қалды. Аллаға шүкіршілік етемін. Бұл менің ерекше махаббатымның есімі хиджаб болатын!

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру