Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Ислам үшін жылаймын...

27.05.2015 4567 0 пікір

Ардақты сахаба хазіреті Саид ибн Зәйд (р.а.) көзінің тірісінде жәннатпен сүйіншіленген жандардың бірі. Ол кісі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қайтыс болғаннан кейін де белсенді ғұмыр кешті.

Халифа сайлауында да айрықша орны болды. Ислам үмбетінің арасында наразылықтар мен қайшылықтардың тумауы үшін қолдан келгенін аямады.

Әділеттің бейнесі хазіреті Омар (р.а.) дүниеден өткеннен кейін Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қасындағы мазарына өз қолымен қоярда жүзін ыстық жас жуып кетеді.

– Әбу Әуәр, неге жылайсың? – деген адамға хазіреті Саид ибн Зәйд исламның тағдыры үшін жылайтынын айтып:

– Ислам үшін жылаймын. Омардың шейіт болуы – Исламда ашылған бір ақау. Бұл ақау қияметке дейін жабылмайды, – деп хазіреті Омардың (р.а.) ислам тарихындағы айрықша орнын атаған.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру