Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Еш нәрсе бермесеңіз...

24.11.2014 2537 0 пікір

Сахаба аналарымыздың бірі Ләйла (р.а.) күндердің күнінде дәм-тұз тартып Мәдинаға хижрет етеді. Қасында ұлы Абдуллаһ бар болатын.

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үйінде отырған кезінде сыртта ойнап жүрген ұлын шақырып:

- Балам, келе қойшы, саған бір нәрсе берейін? - дейді.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дереу одан:

- Ұлыңызға не бермексіз? - деп сұрады.

- Құрма берейін деп едім, - деп жауап қатты әйел.

Сонда Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

- Егер балаға «бір нәрсе берем» деп шақырып, еш нәрсе бермесеңіз, амал дәптеріңізге «өтірік айтты» деп жазылар еді, - деп ескертті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі