Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Мен үшін не істедің?

21.11.2014 4397 0 пікір

Бірде Алла Тағала Мұса пайғамбарға: «Әй, Мұса! Мен үшін жасаған амалың бар ма?» – деп сұрайды. Мұса (а.с.): «Уа, Раббым! Сен үшін намаз оқыдым, ораза ұстадым, садақа бердім, сәжде жасадым. Саған мақтау айттым, кітабыңды оқыдым, сені еске алдым», – деп жауап берді.

Бұны естігенде Алла Тағала: «Әй, Мұса! Бұның бәрі өзің үшін: намаз – сенің жолкөрсетушің, ораза – қалқаның, садақа – өзіңе көлеңке, сәждедегі айтқан тәсбихтарың–жұмақта өзіңе саялы ағаш болады. Кітабымды оқуың сәнді сарай мен хор қызына қолыңды жеткізеді. Мені еске алуың өзіңе сәуле болып жарығын төгеді. Ал сонда таза Мен үшін не істедің?»

Бұны естігенде, Мұса пайғамбар сасқалақтап: «Уа, Алла Тағалам! Сен үшін жасалатын амал болса, білдірші, мен соны жасайын?» – деп сұрайды. Сонда Ұлы Жаратушы: «Әй, Мұса! Мен үшін біреуді өзіңе дос тұтып, басқаны жек көре білдің бе?!» – деді.

Сонда барып Мұса пайғамбар (а.с.) Алла Тағала жақсы көрген пендесін жақсы көріп, жек көрген пендесін жек көрудің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткізді.

Құдайберді Бағашар

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру