Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАРИЛАР АЙРЫҚША АЛҒЫС АЙТУДА (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 04.11.2023 1548 0 пікір
ҚАРИЛАР АЙРЫҚША АЛҒЫС АЙТУДА (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұлттық мерекеміз – Республика күніне орай ұйымдастырған І халықаралық Құран жарысына қатысқан қарилар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған мүфтият қызметкерлеріне айрықша алғыс айтуда.

Қарилар мүфтияттың «Мұнара» телеарнасына берген сұхбатында халықаралық Құран жарысының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, қазақ халқының қонақжай пейіліне тәнті болғанын айтып, ағынан жарылды.

Айта кетсек, қазақ даласында тұңғыш рет ұйымдастырылған І халықаралық Құран жарысына Мысыр, Малайзия, Марокко, Индонезия, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Америка сынды елдерден 30-ға жуық қари қатысты.

Іс-шара барысында арнайы Құран оқылып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті аяттардың сауабын тарихи отанын қорғау жолында шейіт болған қасиетті Құддыс жеріндегі, яғни Палестинадағы бауырларымызға, кешегі Қарағанды облысындағы шахтада жан тапсырған марқұмдарға, жалпы қазақ халқының болашағы жолында опат болған ата-бабаларымыздың рухына бағыштады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру