Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Палестинаның еліміздегі елшілігіне арнайы барып, мұсылман мемлекетіндегі ауыр жағдайға байланысты көңіл айтты.
Бас мүфти Палестинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Монтасер Абу Зейд мырзамен кездесіп, мұсылман мемлекеті үшін дұғада екенін жеткізді.
«Алла Тағала қиын жағдайда қаза болған марқұмдарды мейіріміне бөлегей. Жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеймін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Айта кетейік, бүгін еліміздің барлық мешітінде жұма намазынан кейін имамдарымыз бен келуші жамағат қиын жағдайға ұшыраған Палестина халқы үшін арнайы дұға жасады.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру