Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айына

Күн
Сағат
Минут
Секунд

қалды

Қазір

04 مارس 2024

23 Шағбан 1445 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ СЪЕЗДІҢ ҚҰРМЕТ МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 11.10.2023 2228 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ СЪЕЗДІҢ ҚҰРМЕТ МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешіміне сәйкес Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің Құрмет медалімен марапатталды.

Медалді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев табыстады.

Айта кетсек, бүгін Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХХІ отырысы өтті. Хатшылық отырысында әлемнің 23 елінен келген дін лидерлері мен өкілдері Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінде қабылданған Декларациядағы мақсат-міндеттердің іске асырылу барысын талқылады. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген Съездің 2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы бекітілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру