Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айына

Күн
Сағат
Минут
Секунд

қалды

Қазір

04 مارس 2024

23 Шағбан 1445 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ СТУДЕНТТЕР ҮЙІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 23.09.2023 1790 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ СТУДЕНТТЕР ҮЙІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласына барған сапарында «Әбдірахман» мешіті ауласында салынып жатқан жатақхана құрылысымен танысты.

Құрылыс жұмысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бас мүфти имамдарға студенттер үйінің құрылыс сапасына мән беруді тапсырды. Сонымен қатар қайырымдылық негізде салынып жатқан жатақханаға бірінші кезекте көпбалалы отбасыдан шыққан және ата-анасынан ерте айырылған жастарды орналастырудың маңызын атап өтті.

Айта кетсек, Бас мүфти жыл басында еліміздегі барша дін қызметкерлеріне жолдаған бағдарлық баяндамасында республикалық маңызы бар 3 қаладан, сонымен қатар облыс орталықтарынан әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге арналған қайырымдылық негізде мүфтият жатақханаларын ашуды тапсырған болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру