Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Зираттарды тазалау шарасына дайындық пысықталды

muftyat.kz 28.04.2023 2286 0 пікір
Зираттарды тазалау шарасына дайындық пысықталды

29 сәуір күні ҚМДБ «QAMQОR-SHARAPAT» салттық қызмет орталығының ұйымдастыруымен өтетін зираттарды тазалау іс-шарасына дайындық жұмыстарын пысықтау үшін онлайн жиын өтті.

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлының жетекшілігімен өткен жиынға «Уақып» қоры басқарма төрағасының орынбасары Мәулет Тұрғамбеков, «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы және орталықтың барлық облыстардағы филиал директорлары қатысты.

Жауапты мамандар өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Жиын соңында Кенжеәлі Қоңыратбайұлы сауапты іске атсалысу керектігі туралы ақыл кеңесін айтып, тәжірибесін бөлісті.

Сондай-ақ орталық директоры Мейрамбек Қабылбекұлының жетекшілігімен Республикалық бас мешітте осы іс-шараға жауапты елордалық имамдардың жиыны өтті. Басқосуда зираттарды тазалау іс-шарасына қатысты соңғы дайындық жұмыстары егжей-тегжейлі пысықталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру