Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МЕШІТ ЖАНЫНАН ОТБАСЫЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 27.04.2023 1568 0 пікір
МЕШІТ ЖАНЫНАН ОТБАСЫЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті жанынан Отбасылық кеңес беру орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатты рәсіміне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Шариғат және пәтуа бөлімі өткен жылы ажырасуға шешім қабылдаған 300-ге жуық отбасын сақтап қалуға ықпал етті. Біздің имамдарымыз қаншама шаңырақтың шайқалмауына оң ықпал етіп келеді. Бұл бағыттағы жұмысты ұдайы жалғастыра береміз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру