Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РЕСЕЙ МҮФТИІ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫН ОРАЗА АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

muftyat.kz 22.04.2023 1343 0 пікір
РЕСЕЙ МҮФТИІ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫН ОРАЗА АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ресей мүфтилер Кеңесінің және Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Ғайнутдин Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Ораза айтпен құттықтап, хат жолдады.

«Ресей мұсылмандары діни басқармасы атынан сізді ізгілік пен жақсылықтың жаршысы Ораза айт мерекесімен құттықтаймын. Діни басқарманың сан қырлы қызметі дінаралық және өркениетаралық диалогты нығайтуға да зор үлесін қосуда. Осы орайда Рамазан айында атқарған жұмыстарыңызға, Ислам құндылықтарын насихаттау жолындағы қадамдарыңызға мол сауап жазылуын тілеймін. Жаратқан екі ел азаматтарына, күллі адамзатқа бейбіт өмір нәсіп етсін. Айт құтты болсын» делінген құттықтау хатта.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру