
Бүгін Астанада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен кезекті «өкілдік сағаты» өтті.
Жиналыс барысында Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Жұмабайұлы Бас мүфтиге жыл басында бекітілген бес бағыт (дін мен дәстүр, ізгі қоғам, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, жат діни ағымдардан сақтандыру) бойынша атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді. Сонымен қатар бес бағытқа жауапты ҚМДБ бөлім меңгерушілері Ақмола облысының имамдарына жұмысты жетілдіруге қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Жиын соңында ҚМДБ Төрағасы мүфтият қызметкерлері мен Ақмола облысының имамдарына нақты тапсырмалар жүктеп, жыл басында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырудың маңызын атап өтті.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру