Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ТАРАУЫҚ НАМАЗЫНДА ЖАМАҒАТҚА НАСИХАТ АЙТТЫ (ФОТО+ВИДЕО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 29.03.2023 2580 0 пікір
БАС МҮФТИ ТАРАУЫҚ НАМАЗЫНДА ЖАМАҒАТҚА НАСИХАТ АЙТТЫ (ФОТО+ВИДЕО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Aq Meshit» мешітінде өткен тарауық намазында жамағатқа насихат айтты.

Мешіт жамағатын Рамазан айымен құттықтап, Хатым Құранда қарилар оқитын «Ағраф» сүресі жайлы насихат айтқан Бас мүфти: «Ағраф» сүресі – меккелік сүрелердің ең ұзыны. Барлық меккелік сүрелер секілді бұл сүреде де таухид, қайта тірілу, есеп күні, уахи және пайғамбарлық жайындағы тақырыптарға маңыз беріледі.

«Ағраф» – жұмақ пен тозақ арасында қойылған бір қамал.  Ол екі жақ иелерін бір-бірінен бөліп тұрады. Ибн Жәрир Хузайфадан Ағраф жұрты жайында сұрағанда былай деген: «Олар сауаптары мен күнәлары тең болған пенделер. Күнәлары жұмаққа, сауаптары болса тозаққа кірулеріне кедергі болады. Сондықтан Алла оларға үкім шығарғанға дейін олар сол қамалда болады» деп, осы сүренің 55-аятына арнайы тоқталып өтті.

ҚМДБ Төрағасы тарауық намазының соңында жамағатпен бірге еліміз бен жеріміздің амандығы үшін дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру