Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ДІНИ БАСҚАРМА МАМАНДАРЫ «TÚRKISTAN» ТЕЛЕАРНАСЫНДА СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРУДЕ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 28.03.2023 1791 0 пікір
ДІНИ БАСҚАРМА МАМАНДАРЫ «TÚRKISTAN» ТЕЛЕАРНАСЫНДА СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРУДЕ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бөлім мамандары «Түркістан» телеарнасының «Жаңа толқын» ақпараттық-сауықтық бағдарламасына онлайн қатысып, ораза жайлы сауалдарға жауап беруді бастады.

Бір жарым сағатқа созылатын «Жаңа толқын» бағдарламасы қасиетті Рамазан айының құрметіне арнайы айдар ашып, көрермендерден келген діни сауалдарға ҚМДБ ұстаздары ZOOM платформасы арқылы жауап беруде.

Бүгін тікелей эфирге ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Ерғали Байділдаев қатысып, оразаға қатысты сұрақтарға тұшымды жауап берді.

Айта кетейік, Діни басқарма мамандары «Жаңа толқын» бағдарламасына Рамазан айының соңына дейін бірнеше рет онлайн қатысады деп жоспарланып отыр. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру