Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

29 مارس 2024

19 Рамазан 1445 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

«Жібек Жолы» қайырымдылық мекемелерімен өзара әрекеттесу туралы екіжақты Келісімнің тоқтатылуына байланысты ҚМДБ МӘЛІМДЕМЕСІ

muftyat.kz 02.02.2023 3664 0 пікір
«Жібек Жолы» қайырымдылық мекемелерімен өзара әрекеттесу туралы екіжақты Келісімнің тоқтатылуына байланысты ҚМДБ МӘЛІМДЕМЕСІ

«Жібек Жолы» қайырымдылық мекемелері қауымдастығымен 2021 жылдың 26 қазанында жасалған екіжақты Келісімнің 2023 жылдың 26 қаңтарында тоқтатылуының нақты себептері мен негіздемелеріне қатысты қоғамда туындаған сұрақтарға байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдейді:

ҚМДБ Қазақстанда діни тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау және нығайту мақсатында Ислам дінінің дәстүрлі рухани құндылықтарын қоғамда насихаттап, ағарту қызметін атқарып келе жатқан республикалық діни бірлестік. Өз қызметін ҚМДБ дін саласындағы қазақстандық заңнамаға сай атқарады.

Жоғарыдағы Келісім, 2019 жылдың 19 шілдесіндегі «Жібек Жолы» қауымдыстығының бастамасымен жасалған, алайда, заңға қайшы болуына байланысты 2020 жылдың қарашасында ҚМДБ тарапынан тоқтатылған Меморандумның орнына жасалған.

Аталмыш Келісімнің 2019 жылы болған Меморандумнан айырмашылығы мен ерекшелігін ашып айтсақ, тараптар қандай да бір діни-миссионерлік амалдарды «Жібек Жолы» қауымдыстығының қайырымдылық мекемелерінде жүргізбеу туралы міндеттемені өздеріне жүктеп алған болатын.

Яғни, ҚМДБ мен «Жібек Жолы» қауымдастығымен болған аталмыш екіжақты Келісімге сай қауымдастық тәрбиеленушілері ҚМДБ мешіттері жанындағы діни сауат ашу курстарында біздің имамдардан дәстүрлі исламдық діни ілімді үйренуі керек еді.

Қайырымдылық мекемелердің тәрбиеленушілеріне ыңғайлы болу үшін өңірлердегі бұл мекемелерге жақын орналасқан мешіттердің діни сауат ашу курстарына қатысуға ҚМДБ тарапынан барынша мүмкіндік жасалды.

Алайда, «Жібек Жолы» қауымдастығы тарапынан аталмыш Келісімнің негізгі талаптарын орындамау бірнеше рет қайталанды. Атап айтсақ, осы қауымдастыққа қарасты қайырымдылық мекемелердің ғимараттарында тәрбиеленушілерге діни сабақтарды кедергісіз жүргізуге қол жеткізу мақсатында имамдармен өзара келісуге және мұның заңға қайшы еместігін негіздеп беруге әрекеттер жасалған.

Келісім аясында қойылған заңды талаптарды орындамай, мемлекетіміздің заңдарын құрметтемегені үшін «Жібек Жолы» қауымдастығының қызметіне қатысты сенімсіздік туындады.

«Жібек Жолы» қауымдастығына деген сенімсіздік жақында БАҚ-та таралған жаңалықтардан кейін өрши түсті. Қауымдастыққа қарасты қайырымдылық мекемелердегі заңсыздықтар полиция тарапынан анықталып, діни алауыздыққа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, ақпараттық алаңда «Жібек Жолы» қауымдастығының «медресе» шәкірттеріне деген сылтаумен садақа жинаумен айналысқаны туралы мәліметтер тарады. Бұл іс-әрекеттерге ҚМДБ-ның қатысы бар деген қате ой-пікірлер қоғамға таралуда.

Осы ретте, бұл қауымдастықтың «медресе» деп қате аталатын қайырымдылық мекемелері немесе пансионаттары Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Орал, Павлодар, Тараз қалаларында, Алматы облысының Үшқоңыр ауылында және Түркістан облысының Сарыағаш кентінде қызмет жасайтын ҚМДБ-ға қарасты 9 ресми медресе-колледждерге қатысы жоқ деп мәлімдейміз.

ҚМДБ Қазақстан азаматтарын, соның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдерді мәжбүрлі түрде дінге тартуға немесе олардың рухани дамуына кедергі келтіруге ешкімнің құқығы жоқ екенін мәлімдейді. «Жібек Жолы» қауымдастығына қарасты қайырымдылық мекемелерінің тәрбиеленушілері өзге де Қазақстан азаматтары секілді қандай да бір шектеусіз өз еріктерімен ҚМДБ мешіттері жанындағы діни сауат ашу курстарына қатыса алады.  

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру