Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ «МҮФТИЯТ ҮЗДІГІ – 2022» МАРАПАТТАУ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 22.12.2022 5744 0 пікір
БАС МҮФТИ «МҮФТИЯТ ҮЗДІГІ – 2022» МАРАПАТТАУ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды Төралқа мәжілісі барысында «Мүфтият үздігі – 2022» номинациясымен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, номинация иегерлерін марапаттады.

«Біз биыл «Мүфтият үздігі – 2022» марапаттау шарасын арнайы осы Төралқа мәжілісінің күн тәртібіне енгізіп отырмыз. Әрине, бәріміз Алла үшін қызмет етеміз. Еңбектің ескерілгені де жақсы. Бұл марапат дін қызметкерлеріне ерекше күш пен жігер сыйлайды деп есептеймін. 

Біз осы ретте асыл дініміздің абыройын асқақтату, ҚМДБ бекіткен бағыттар бойынша жұмыстанып, үздік нәтижелер көрсеткендігі, әрдайым сауапты істерге белсенді атсалысқандығы, халқымыздың ынтымақ-бірлігін нығайтуға себепкер болып, қайырымдылық іс-шараларға демеушілік жасағаны, қолдау көрсеткені, руханият пен ихсан ілімінің халықтың арасында кеңінен таралуына ықпал еткендігі, білімге деген құштарлығы мен ықыласын көрсетіп, жыл қорытындысы бойынша ең үздік нәтижелер көрсеткендігі, Қазақстандық патриотизмді қалыптастырып, қоғамда ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі, жалпы халық арасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының оң имиджін нығайтуға қосқан үлесі үшін бірнеше қызметкерімізді арнайы марапаттап отырмыз» деді ҚМДБ Төрағасы. 

Салтанатты шарада 22 номинация бойынша үздіктер марапатталды. Атап айтқанда:

1. «Үздік қала имамы-2022» – Абдумтали Омаров (Павлодар облысы)

2. «Үздік аудан имамы-2022» – Серік Мағаз (Түркістан облысы)

3. «Үздік наиб имам-2022» – Қайырбек Отызбаев (Қызылорда облысы)

4. «Үздік ауыл имамы-2022» – Мұратбек Жахатов (БҚО)

5. «Үздік мешіт азаншысы-2022» – Марат Дарибаев (Ақтөбе облысы)

6. «Жыл уағызшысы-2022» – Нұралы Бақытұлы (Жамбыл облысы)

7. «Жылдың қайырымды имамы-2022» – Бақытжан Икрам (Қостанай облысы)

8. «Үздік ұстаз-2022» – Марат Садырбаев (Маңғыстау облысы)

9. «Үздік ұстаз-2022» – Зейнеп Үсенова (Жамбыл облысы)

10. «Үздік халал кәсіпорын-2022» – «Kiki`s» ЖШС (Алматы қаласы)

11. «Үздік медресе-2022» – «Әбу Ханифа» медресе-колледжі (Алматы қаласы)

12. «Үздік қарилар орталығы-2022» – «Балаби қари» Құран жаттау орталығы (Түркістан облысы)

13. «Үздік мешіт-2022» – Абай Құнанбайұлы мешіті (Абай облысы)

14. «Үздік намазхана-2022» – Атбасар ауданы жол бойындағы намазхана (Ақмола облысы)

15. «Жыл есепшісі-2022» – Рымгүл Ахметова (Қарағанды облысы)

16. «Діни оңалту саласының үздігі-2022» – Ислам Қаюпов (Қызылорда облысы)

17. «Үздік діни сайт-2022» – «Muslim.kz» сайты (Астана қаласы)

18. «Үздік қажылық гиді-2022» – Айдос Муталиев (Маңғыстау облысы)

19. «Үздік медресе ұстазы-2022» – Жүсіпхан Жақыпов (Түркістан облысы)

20. «Үздік мақала авторы-2022» – Мұхамеджан Естеміров (Шымкент қаласы)

21. «Үздік мүфтият қызметкері-2022» – Білімбек Солтанмұрат (ҚМДБ дизайнері)

22. «Үздік өкілдік-2022» – ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі.

Барлық номинация иегерлерін, дін қызметкерлері мен мешіт-медресе ұжымдарын үздік атануымен шын жүректен құттықтап, еңбектеріне жеміс, отбасыларына амандық тілейміз!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру