Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

1000-ҒА ЖУЫҚ ҚАЖЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 16.07.2022 4148 0 пікір
1000-ҒА ЖУЫҚ ҚАЖЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ (ФОТО)

Меккеде қажылық парызын өтеп, Мәдинада қасиетті орындарды зиярат еткен қажылардың алды елге орала бастады.

Бүгін Жидда қаласынан 1 борт, Мәдина қаласының әуежайынан 3 борт арқылы 977 қажы елге қайтты. Отандастарымызды Қажылық миссиясының мүшелері сәт-сапар тілеп шығарып салды.

Санаулы сағаттан соң тағы қажыларымыз Мәдина қаласынан 3 борт арқылы елге ұшады.

Қажылардың елге оралуы 20 шілдеге дейін жалғасады деп жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру