Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ АРДАГЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 29.06.2022 1414 0 пікір
БАС МҮФТИ АРДАГЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ (ФОТО)

Алматы қаласында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы өз өтініштері негізінде жұмыстан босатылған «Иман» журналының бас редакторы Оңғар Өмірбек пен осы басылымның бас есепшісі Бибімәриям Жиенбайқызына құрмет көрсетіп, ардагер қызметкерлерге қазақы салтпен иығына шапан, қамзол жапты.

«Сіздер бірнеше жыл бойы діни салада тұрақты түрде қызмет еттіңіздер. Өздеріңізден кейінгі орта және жас буын өкілдеріне талмай еңбек етудің көркем өнегесін көрсеттіңіздер. Алла Тағала қаншама жыл істеген жұмыстарыңызға мол сауаптан жазып, күш-қуат нәсіп етсін» деп тілегін білдірді Бас мүфти. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру