Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ШЕЙХ АЛЛАШҮКІР ПАША-ЗАДЕМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 05.05.2022 1370 0 пікір
БАС МҮФТИ ШЕЙХ АЛЛАШҮКІР ПАША-ЗАДЕМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

Бүгін Түркістан қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы, Шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Задемен кездесті.

Кездесуде екі елдің рухани байланысы, түркі мемлекеттерінің қарым-қатынасы сөз болды.

«Жұмыс кестеңіздің тығыз болғанына қарамастан шақыртуымды қабыл алып келгеніңіз үшін тағы да алғысымды білдіремін. Алла Тағала мұсылман үмбетіне, түркі жұртына жар болып, игі бастамаларымызға береке нәсіп еткей!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы, Шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Заде түркі мемлекеттерінің Бас мүфтилерін Түркістан қаласына жиып, халықаралық деңгейдегі игі бастамаға ұйытқы болған Наурызбай қажы Тағанұлына ризашылық ниетін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру