Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ЕЛШІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 27.04.2022 2871 0 пікір
БАС МҮФТИ ЕЛШІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Елордада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Біріккен Араб Әмірліктерінің еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммел әл-Арики мырзамен кездесті.

Ресми кездесуде мәртебелі мейман Бас мүфтиді, сонымен қатар Қазақстан мұсылмандарын Рамазан айымен құттықтап, игі тілегін білдірді. Басқосуда екі елдің байланысы сөз болды.  

«Аллаға шүкір, Қазақстан және Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы әріптестік байланыс жылдан жылға дамып келеді. Сіздер біздің елде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбас­шылары съезіне белсенді түрде қатысып келесіздер. Бұл өз кезегінде екіжақты қарым-қатынастың нығаюына үлкен септігін тигізуде» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Басқосу барысында тараптар ортақ игі жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру