Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: НЕЖМЕТДИН ЕРБАКАН УНИВЕРСИТЕТІМЕН КЕЛІСІМ ЖАСАЛМАҚ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 03.12.2021 868 0 пікір
ҚМДБ: НЕЖМЕТДИН ЕРБАКАН УНИВЕРСИТЕТІМЕН КЕЛІСІМ ЖАСАЛМАҚ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасына ресми сапарында Нежметдин Ербакан атындағы университетке арнайы барып, оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты. Бұрынғы Сельчук университетімен қазіргі таңда екіжақты байланыс орнату көзделмек.

Қазақстандық делегацияны қарсы алған дінтану факультетінің басшысы Фикрет Карапынар атқарылып жатқан жұмыс барысы, діни білім беру, жан-жақты түлек дайындау жайында өз ойын ортаға салып, университетке қабылдау ережелерін түсіндіріп өтті.

Қазіргі таңда бір ғана Дінтану факультетінде 291 шетел азаматы білім алуда. Оның ішінде 11 қазақстандық бар. Ал жалпы алғанда аталған университетте 2000-нан аса студент білім алады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұрағат