Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ МЕН ТҮРКИЯ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 01.12.2021 3883 0 пікір
ҚМДБ МЕН ТҮРКИЯ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия Дін істері басқармасы Анкара қаласында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум қабылдады. 

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Түркияға жасаған ресми сапары барысында Түркия Дін Істері басқармасының басшысы Әли Ербашпен бірге дін саласындағы көпжақты ынтымақтастықты орнатуға арналған құжатқа қол қойды. 

Меморандум Қазақстан мен Түркия арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуды, екі елге ортақ діни мектепті жаңғыртуды,  мәдени-рухани байланысты арттыруды, тәжірибе алмасуды, ғылыми жобаларды жүзеге асыруды, дін қызметкерлерінің біліктілігін көтеруді көздейді. 

Меморандум негізінде Тараптар бір-біріне халықаралық деңгейде өзара көмек пен қолдау көрсетуге міндеттеледі. Ынтымақтастық шеңберінде екі елдің болашақ ұрпағына патриотизм мен бейбітшілік құндылықтары насихатталып, Исламның рухани баға жетпес мұрасы мен мәдениеті дәріптеледі. 

Аталған ынтымақтастық аясында діни мерекелер кезінде бірлескен шаралар ұйымдастыру, өзекті мәселелер бойынша ортақ пікірге ұйысу, тарихи-мәдени құндылықтарға қиянат жасауға жол бермеу, қоғамда шынайы діни ақпараттың таралуын және күн тәртібіндегі діни мәселелерді шешу үшін әртүрлі іс-шаралар (конференция, семинар, кездесу т.б.) ұйымдастыруға негізделеді. 

Сонымен қатар азаматтардың екі ел аумағында орналасқан тарихи қасиетті жерлерге зиярат етуі қамтамасыз етіледі. 

Еске салайық, аталған келісім ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Түркия Республикасына ресми сапары аясында жасалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру