Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАИБ МҮФТИ САЛИҚАЛЫ СҰХБАТ ЖҮРГІЗДІ

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 16.11.2021 1241 0 пікір
НАИБ МҮФТИ САЛИҚАЛЫ СҰХБАТ ЖҮРГІЗДІ

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы жұмыс сапарымен Қызылорда қаласына келді.

Сапар аясында Қызылорда қалалық «Нұр» мешітіне жиналған жамағатпен кездесіп, «Дінге берік болу» тақырыбында салиқалы сұхбат жүргізді. Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Абуов наиб мүфтидің білім жолы мен қызметтегі жолын таныстырып, қазақы салтпен иығына шапан жауып ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ Сансызбай Құрбанұлы Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен Мәуліт кешіне, бал қымыз шарасына қатысып, жамағатқа Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірі және Ихсан ілімі тақырыбында өнегелі, ғибратты насихат айтып, емен-жарқын сұхбаттасты.

Сұхбат соңында жамағат сұрақ қойып, белсенділік танытқан шәкірттерге тағылымды кітаптар сыйлады. Жамағатқа арнап дастарқан жайылып, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, ынталандыру сыйлықтары табысталды. Мазмұнды насихатты тыңдауға жиналған Сыр жамағаты рухани сусындап, бір серпіліп қалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру