Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ЕРКІНДІГІМ. ҚАСИЕТТІМ. ҚАСТЕРЛІМ» БАЙҚАУЫНЫҢ УАҚЫТЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 12.11.2021 2330 0 пікір
«ЕРКІНДІГІМ. ҚАСИЕТТІМ. ҚАСТЕРЛІМ» БАЙҚАУЫНЫҢ УАҚЫТЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты республикалық «Мұнара» газеті авторлар мен оқырмандар арасында «Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім» атты шығармашылық байқау жариялаған болатын.

Байқау шарты бойынша шығармашылық жұмыстарды қабылдау 2021 жылдың 10 ақпанында басталып 2021 жылдың 10 қарашасында (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18.00-де) аяқталды.

Алайда газет жанашырлары мен оқырмандардың сұрауы бойынша байқау уақыты 2021 жылдың 30 қарашасына (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18.00-де) дейін ұзартылды.

Газет жанашырларының ұсынысы һәм қаржылау қолдауына сай байқаудың жүлде қоры да ұлғайды. Байқаудың шарттарын мына жерден оқып-танысуға болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру