Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ЗЕЙІН» ОҚЫРМАНДАР КЛУБЫ РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 02.11.2021 3251 1 пікір
«ЗЕЙІН» ОҚЫРМАНДАР КЛУБЫ РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ Орталық аппаратының «әл-Фараби» залында «Зейін» оқырмандары клубының ұйымдастыруымен «Лайфхактар» және «Мен әлемді көрмеймін сен сияқты» кітабының авторы, IT-маманы Данияр Жігітбекпен кездесу өтті.

Елорда жастары жиналған рухани кездесуде Данияр Жігітбек «Не үшін кітап оқу керек?» тақырыбында насихат айтып, кітап оқудың пайдасына тоқталды. Өзінің кітабында атап көрсеткен кітап оқу әдістерін бөлісті. Одан бөлек өмірді өнімді өткізу, уақытты жүйелеу және жоспар құру секілді пайдалы, мотивациялық кеңестерін де жеткізіп, қатысушы жастардың сұрақтарына тұшымды жауап берді.

Кеш соңында «Зейін» оқырмандар клубының жетекшісі Махамбет Искандер қатысушыларға ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, кеш қонағына Бас мүфти жетекшілігімен жарық көрген «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын сыйға тартты.

Рухани кездесуге жиналған елордалық жастар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Nurdaulet | 02.11.2021 12:14

Пайдалы кездесу болды. Зейіндіктерге Алла разы болсын !