Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҒАЛЫМДАРҒА ИХСАН ТУРАЛЫ КІТАПТЫ СЫЙҒА ТАРТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 21.06.2021 2829 0 пікір
БАС МҮФТИ ҒАЛЫМДАРҒА ИХСАН ТУРАЛЫ КІТАПТЫ СЫЙҒА ТАРТТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына барған ресми сапарында белгілі ғалым, философия ғылымдарының докторы Досай Кенжетай мен дінтанушы-ғалым, PhD докторы, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Мұхан Исаханға жуырда шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты кітапты сыйға тартты.

Ғалымдар Бас мүфтиге алғысын жеткізіп, жаңа кітап жастардың жан азығына, еліміздегі мұсылман қауымының рухани шамшырағына айналуына тілеулестік ниетін білдірді.

«Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кесенесі алдында бұл еңбекті өздеріңізге тарту етуімнің өзіндік мәні бар. Ізгілік пен имандылықты насихаттауға сүбелі үлес қосқан Ясауи бабамыз ихсан ілімін дәріптеу жолында да көп еңбек етті» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, Бас мүфти бастамасымен шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабында «Жаратушы Аллаға ихсан», «Тұлғалық ихсан», «Ихсан және қоғам» сынды тараулар қамтылып, Ислам ғұламаларының ихсан ілімі жайлы ой-толғамдары берілген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру