Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтау: Көпбалалы отбасына арналған үй құрылысы басталды

Ақтау қалалық "Бекет ата" мешітінің баспасөз қызметі 03.10.2020 1671 0 пікір
Ақтау: Көпбалалы отбасына арналған үй құрылысы басталды

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бастамасымен баспанасыз көпбалалы отбасына арналып салынатын үйдің құрылысы басталды.

Мешіт жамағаты бүгін асар жасап, үй тұрғызылатын алаңды тазалап, тас түсірді. Жаңа үйдің қабырғаларының алғашқы кірпіші қаланды.

«Асыл дініміз мұқтажға көмек беріп, әлсізге демеу болуды мақсат етеді. Мешіт имамдарына жағдайын айтқан көпбалалы отбасының баспанасы жоқ, әр жерде үй жалдап жүр екен. «Көп түкірсе көл болар» дегендей, ел болып біріксе, алынбайтын қамал жоқ. Құрылыс жұмыстары басталды, көп ұзамай осы отбасының қуанышты күндеріне куә боламыз» дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің наиб имамы Айдос Муталиев.

Басқұдық ауылы Алау көшесінде тұрғызылатын 4 бөлмелі үйдің құрылысы алдағы жылдың көктемінде аяқталады деп жоспарланған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұрағат