Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сахара шөліне екінші рет қар жауды (ФОТО)

muftyat.kz 09.01.2018 5340 0 пікір
Сахара шөліне екінші рет қар жауды (ФОТО)

 

Сахара шөліне қар жауды деп хабарлайды Газета.ru агенттігі алжирлік TSA баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Таң сәріден Айн-Сефра аймағындағы құм төбелерді басқан қар кешке таман ери бастаған.

TSA баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сахара шөліндегі бұл қар қырық жыл ішінде екінші мәрте жауып тұрған көрінеді. 1979 жылдан бері бұл аймаққа қар алғаш 2016 жылдың желтоқсан айында жауған болатын. Бұл табиғи құбылысты әуесқой фотограф Карим Буштетата түсіріп алған.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру