Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ихсан және жастар» атты республикалық семинар өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 12.05.2021 2225 0 пікір
«Ихсан және жастар» атты республикалық семинар өтті

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен «Ихсан және жастар» атты Республикалық онлайн-семинар өтті.

Облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өткен іс-шараға ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, барлық облыстар мен ірі қалалардың Жастар ісі секторының жетекшілері, ұстаздар мен шәкірттер қатысты.

Наиб Ершат Ағыбайұлы онлайн-семинарды ашып, бұл шараның жастар ісі секторының жұмысын серпінді дамытуда аса маңызға ие екендігін жеткізіп, ихсан ілімін насихаттауда зор бастама деп атап өтті. Ершат Ағыбайұлы:

«Ихсан сөзі шынайылық деген мағынаны білдіреді. Ихсан – бағзы заманнан мұсылмандық жолды ұстанған қазақ халқының діни түсінігіне етене жақын ілім. Жастарды рухани тәрбиеге баулу, шынайылыққа тәрбиелеуде ихсан ілімін насихатаудың маңызы айырықша» дей келе, ҚМДБ-дан ихсан ілімін дамыту бағытында атқарылып жатқан істерге тоқталып өтті.

Жиында ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы сөз сөйлеп, өкілдіктен ихсан ілімін дамыту бағытында үш мәрте республикалық деңгейде жиын өткізіп, барлық аудандар осы бағыт қолға алынып жатқандығын айтып өтті. 

«Рухани тәрбие-қазақы дүниетанымға үйлесетін, арнасы бір, ұлттық дәстүрмен үйлескен құндылықтарға ие. Сондықтан ихсанды насихаттау жат ағымдардың алдын алуда, рухани кемелденуде ықпалы зор» деп түйіндеді бас имам.

Онлайн семинарда «Салт дәстүр және рухани тәрбие» тақырыбында ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Әділет Көпен , «Қазіргі қоғам және имани тәрбие» жайлы Нұр Сұлтан қаласы өкілдігі Жастар секторының жетекшісі Жандос Тәжімұратұлы, «Рухани жаңыру және жастар» атты тақырыпта ҚМДБ Алматы қаласы өкілдігі Жастар ісі секторының жетекшісі Ермек Көкірекбаев қатарлы дін мамандар сындарлы баяндама жасап жастар тәрбиесі мен ихсан іліміне қатысты құнды ойларын ортаға салды. Өскемен аймағы өкілдігі барлық қатысушыларға алғыс білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру