Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Түркия консулдығының тартуы

Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 11.05.2021 2687 0 пікір
Маңғыстау: Түркия консулдығының тартуы

«Расында, мүміндер – бір-біріне бауыр» деген Құран аятын басшылыққа алған Түркия елінің «Türkiye diyanet vakfi» қоры ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорымен бірлесіп, ерекше қайырымдылық шарасын өткізді.

Қасиетті Рамазан айының құрметіне ұйымдастырылған іс-шара барысында Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Мұзаффер Ақйылдырым, Маңғыстау аймағының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі өкілі Іздібай Бегенұлы және өзге де дін қызметкерлері тұрмыстық жағдайы төмен 50 отбасыға арнайы «Рамазан сыйлығын» үлестірді.

«Түркиялық мұсылмандардың жалынды сәлемі мен ыстық ықыласы үшін ризашылық білдіреміз. Алла игі істеріңізді қабыл етіп, мол сауаптан жазсын! Қасиетті Рамазан айы баршамызға мүбәрак болсын!» деген Әнуар Ізімбайұлы Мұзаффер Ақйылдырымға алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру