Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола: 158 балаға көмек берілді (Фото)

ҚМДБ Ақмола облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 10.05.2021 1950 0 пікір
Ақмола: 158 балаға көмек берілді (Фото)

Рамазан айының соңғы күндерінде Ақмола облысының Атбасар ауданында мүмкіндігі шектеулі 158 балаға көмек көрсетілді.

Аудан имамы Ақылбек Чопабеков жергілікті кәсіпкерлердің зекеттері есебінен қасиетті айда денсаулығында кемістігі бар балаларға қолдау білдіруді жөн санапты. Осы мақсатта кәсіпкерлер Алтынбек Бейсенбекұлы мен Ахмед Баштаұлы екеуі қосылып 5 миллион теңге қаржы бөлді. Сөйтіп, қасиетті жұма күні 100 балаға, келесі күні 58 сәбиге әрқайсысына отыз мың теңгеден көмек қаражатын таратты. Ал, Марат Кенесарыұлы өз алдына 1 миллион теңге бөліп, оған тәтті салынған қоржындар алынып, балаларға үлестірілді.

«Біздің маңайымызда қайырымды адамдар көп. Әсіресе, қалталы азаматтар мешіт арқылы қайырымдылық жасағанды жөн көреді. Бұл иманды елдің ізгілікке жиі ден қоятынын да көрсетеді. Өмірдің көлеңкелі тұстары көп болса да, ізгіліктің сәулесі шашылған күндеріміз көп болғай» дейді аудан имамы А.Чопабеков.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру