Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көкшетау: Балалар үйіне базарлық жасады

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 08.05.2021 2744 0 пікір
Көкшетау: Балалар үйіне базарлық жасады

Ақмола облыстық «Науан хазірет» мешіті Көкшетаудағы «Аялау» балалар үйіне қайырымдылық жасады.

Балалар үйіндегі жүйке ауруларымен науқастанатын балаларға ауызашар қоржындары таратылды. Имамдар қасиетті айдың тағылымы жайлы әңгіме айтты.

Асыл дінімізде жабырқаған жанды қуантуға баса көңіл бөлінеді. Өмірден қағажу көрген адамдарға қамқорлық таныту – ізгіліктің белгісі. Алдағы уақытта да осындай қайырымдылық шараларын көбейте түсуге мешіт баса назар аударады. Себебі діни ғибадаттарды жасау, тіршіліктің тауқыметін тартқан жандарға араша болу – діндегі негізгі ұстанымдардың бірі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру