Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Жақсықылыш мешіті күрделі жөндеуден өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 15.02.2021 2760 0 пікір
Қызылорда: Жақсықылыш мешіті күрделі жөндеуден өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Абуов Арал ауданына қарасты Жақсықылыш кентінде болды.

Сапар барысында бас имам «Жақсықылыш» мешітінің күрделі жөндеуден кейін қайта ашылу рәсіміне қатысып, 200 адамға арналған құлшылық үйінде жүргізілген жұмыстар нәтижесімен танысты.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында толығымен күрделі жөндеу жасалған мешіттің едені мен терезелері, кілемдері, жарық шамдары, істен шыққан бақылау камералары жаңартылып, дәретханасы толығымен жабдықталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру