Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Имам «Құрметті азамат» атанды (ФОТО)

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 16.08.2020 3071 0 пікір
Ақтөбе: Имам «Құрметті азамат» атанды (ФОТО)

Өткен жұма күні Хромтау ауданының әкімі Нағымжан Алдияров пен облыстың бас имамы Төлеби Оспан аудан активімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Хромтау ауданында бас имам болып 18 жыл абыройлы еңбек еткен Алмат Әлидің басқа қызметке ауысуына орай имамға алғыс білдірді.

Аудан Басшысы Н.Алдияров: «Бүгінде имамдардың қызметінің әлеуеті артып келеді. Жастарды дәстүрлі дінге бағыттап, қайырымдылық шараларын сәтті ұйымдастыруда. Аудан орталығында қызмет еткен Алмат Амангелдіұлы әрдайым жамағатпен бірге болып, бірқатар шаралардың бастамашысы бола білді. Жаңа қызметіне сәттілік тілейміз», - деді.

Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың 16 маусымдағы №464 шешімімен Алмат Амангелдіұлына «Хромтау ауданының құрметті азаматы» атағын табыс етті. Бұл – асыл дінімізге, имамға және мұсылман жамағатына көрсетілген құрмет деп білеміз. Сонымен қатар имамдардың жігерленіп жұмыс жасауына жол ашпақ. Басқосуда сөз алған аудандық қоғамдық қауымдастық төрағасы Болат Ашабаев ақсақал имамның ауданда табысты еңбек еткенін атап, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі әріптесіміз Алмат Әлиді марапатымен шық жүректен құттықтай отырып, жаңа қызметіне табыс тілейді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру