Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Құрбан айт қарсаңында мал сою цехы тексерілді

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 30.07.2020 2345 0 пікір
Маңғыстау: Құрбан айт қарсаңында мал сою цехы тексерілді

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, Құрбандық шалуды қашықтықтан ұйымдастыру үшін «qurban2020.kz» cайты іске қосылған еді.

Бұл жоба аясында биыл құрбандық шалу шаралары қашықтықтан жүзеге асырылады. Ауылдарда жеке тұрғын үйдің болуына байланысты сайт жұмысы негізінен қала және аудан тұрғындарына арналады.

Осыған сәйкес жобаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардың қатысуымен облыс, қала, аудан орталықтарында құрбандық шалатын орындар, мал бауыздайтын қасапханалар, құрбандық етін сақтайтын тоңазытқышы бар қоймалары санитарлық талапқа сәйкестілігіне тексеру жүргізіп, облыс орталығында арнайы мал бауыздайтын қасапхананы анықтау және ашу, құрбандық етін сақтайтын қоймалар мен тоңазытқыштармен қамтамасыз ету мақсатында «Құрық Строй Сервис» ЖШС-нің (кәсіпкер Нұржан Жұмағұлов) мал сою цехы белгіленді (Промзона аймағы).

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов бастаған әкімшілік қызметкерлері аталмыш мал сою цехын аралап, Құрбан айт қарсаңындағы дайындық жұмыстарымен танысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру