Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола: Бас имам онлайн брифинг өткізді

ҚМДБ Ақмола облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 30.07.2020 2186 0 пікір
Ақмола: Бас имам онлайн брифинг өткізді

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз орталығында ислам күнтізбесіндегі қастерлі мереке – Құрбан айттың тағылымы жөнінде ой бөлісіп, сұхбат берді. Бұл кездесу аталған орталықтың әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы барша оқырмандарға таратылды.

Бас имам өзінің сөзінде Құрбан айттың шариғи және тілдік мағынасына тоқталды. Бұл «жақындау» деген ұғымды білдіреді. Яғни, Алла Тағалаға құлшылық жасау арқылы жақындау деген сөз. Осы рәсім кезінде шалынатын құрбан малының да астарында осы ойлар жатыр.

Сонымен бірге, қазіргі пандемия індеті кезінде құрбан малды қалай шалу керектігі жөнінде де айтып берді. ҚМДБ жанындағы «Зекет» Қоры ағымдағы жылы 24 шілдесінен бастап «Qurban2020.kz» арнайы сайтын іске қосып, осы жүйе арқылы ел бойынша құрбандық шалу рәсімі онлайн-тапсырыс беру арқылы жүзеге асырыла бастағанын атап көрсетті.Ендігі жерде тапсырыс беруші сайтта құрбандық үшін союға таңдаған мал ақысын Kaspi.kz онлайн-банкингі арқылы төлей алатынын, төлемнің қабылданып, тапсырыс орындалғаны жайлы смс-хабарлама келетінін де жеткізді.

Жалпы, Құрбан айт күндері қаланың мал базарында құрбан шалуға жағдай жасалғанын, онда дін қызметкері, оператор және есеп жүргізетін адамдар тағайындалғанын да тілге тиек етті.

Бас имам Қуаныш Сәбит барша қауымды Айт мерекесімен құттықтап, бұл мерекенің ел басына күн туған шағында өтіп отырғанын, бұған барша қауым түсіністікпен қарайтынын алға тартты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру