Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: Құрбан айтқа дайындық пысықталды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 29.07.2020 2305 0 пікір
Жамбыл: Құрбан айтқа дайындық пысықталды

Таразда исі мұсылманның қасиетті, ұлық мерекесі Құрбан айтқа дайындық барысы тексерілді.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Тараз шаһарындағы қасапханаларды аралады. Аталған мал сойылатын арнайы орындардың тазалығын, карантин шараларына сайлығын бақылады.

Бүгінде мейірімге толы мейрамда құрбан шалу үшін қалада 2 қасапхана мен 10 қасапшы маман сақадай сай тұр. Бас имам дайындыққа баға беріп, қосымша тапсырмалар жүктеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру