Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Құрбан айтқа орай баспасөз мәслихаты өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 28.07.2020 2595 0 пікір
Қызылорда: Құрбан айтқа орай баспасөз мәслихаты өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Абуов облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында Құрбан айт мерекесіне орай баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз жиынында бас имам қасиетті Құрбан айт мерекесінің маңызы мен хикметіне тоқталып, шариғат бойынша құрбан шалудың үкімі, құрбандыққа шалынатын малға қойылатын талаптар мен құрбандық шалу рәсімінде сақталуы тиіс шарттарды баяндады.

Сонымен қатар, биылғы пандемия жағдайына байланысты Құрбан айт  мерекесін өткізуге қатысты енгізілген бірқатар өзгерістерге тоқталды. Атап айтар болсақ, биыл Айт намазы оқылмайды және құрбан шалу рәсімі мешіттерде жүзеге асырылмайды. Бас имам індеттің таралуының алдын алу мақсатында аймақ халқын құрбандықты өз үйлерінде шалуға шақырды.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен өз үйінде құрбан шалуға мүмкіншілігі жоқ қала немесе аудан орталықтарында тұратын адамдар үшін www.qurban2020.kz сайты іске қосылғанын атап өтті. Яғни құрбан шалушы өз атынан құрбан шалу рәсімін өткізуге онлайн тапсырыс берсе,  мұқтаж жандар  ет алуға онлайн өтініш қалдыра алады. Онлайн тапсырыс берген жандардың құрбан шалу ниетін орындау үшін жергілікті басқарушы билік өкілдерінің келісімімен арнайы орындар дайындалуда. Тапсырыс түскен уақыттан бастап құрбандық шалынуы, құрбан етінің мұқтаж жандардың үйіне дейін жеткізіліп беруі секілді жұмыстарды Өкілдік жанынан құрылған жауапты топ жүзеге асырады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру