Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алашқа керегі – ауызбіршілік

Тәжиден Батырұлы мешітінің баспасөз қызметі 28.11.2019 2822 0 пікір
Алашқа керегі – ауызбіршілік

Мәуліт мерекесіне орай Ақтөбе қалалық мешітінің наиб имамы Алтынбек Құсайынов Оралдағы Тәжіден Батырұлы мешітіне арнайы  келіп, жиналған жамағатқа ауызбіршілік турасында уағыз айтты.

«Құранда «Алла бүлік шығарушыларды сүймейді» деген аят бар. Сондықтан мешіт жамағаты да қоғамның ажырамас бөлігі екенін ескеру қажет. Мешіт жамағаты арасында түрлі жанжал мен араздық тудыру, имамның айтқанын тыңдамай, қарсы келу осы аяттың шеңберіне кіретінін ұмытпауымыз керек. Себебі, бұл аят қоғам ішіндегі өзге дүниелерге емес, мұсылманға бүлік шығармауды бұйырып тұр» деді Алтынбек Құсайынов.

Наиб имам мешіт жамағатына ынтымақ-бірлік тілеп, «тәуелсіздігіміз қияметке дейін жалғасып, аман-есен болайық» деген тілек айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру